Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

23.09.2021, 12:20
Оқылды: 351
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шара барысында алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты әзірлеу бойынша тәсілдер ұсынылды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осыған байланысты тиісті тапсырма бергені белгілі.

 022E1424-AC98-405A-90A6-086EE4EF7C8D

Отырысты ашқан қоғамдық кеңес төрағасы Д.Қыдырәлі кеңес қызметіндегі алғашқы жоба ел үшін және оның әрбір азаматы үшін осындай маңызды актіні дайындау болып табылатынын айтты. Ол аталған құжатты әзірлеу азаматтық қоғам мен халықты кеңінен тарту арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М.Ахметжанов бұл құжаттың оң өзгерістердің басты тапсырыс берушісі – халықтан шығуы тиіс екенін атап өтті.

«Сондықтан кез келген адам тұжырымдаманы әзірлеуге тікелей қатыса алады. Бізге ел ішінен шыққан ұсыныстар өте маңызды», - деді ол.

B1787766-A413-4302-AA8A-16847FE3EA55

Ведомство басшысының айтуынша, құжат жобалық басқару аясында әзірленетін болады. Ол мұндай тәсіл қойылған міндетті сапалы әрі мерзімінде орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Процестің қолайлығы, бюрократиясыз тиімді коммуникацияларды қамтамасыз ету үшін Агенттік командасы ұлттық жоба кеңсесінде орналасады. Біздің қызметкерлер әрқашан осы жерде қол жетімді болады. Өздеріңіз келіп, басқа сарапшыларды шақыра аласыздар. Немесе өз ұсыныстарыңызды онлайн жолдауларыңызға болады», - деп түйіндеді М.Ахметжанов.

Отырыста сондай-ақ азаматтардан тілек жинау үшін арнайы сайттың эскизі (www.adal.com.kz) таныстырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале