4.05.2021, 17:21
Оқылды: 502

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалымен онлайн кездесу өтті

2021 жылдың 4 мамыры күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚО филиалымен Zoom қосымшасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды.

 20210504_171504

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ БҚО филиалының басшысы  А.К.Каримбаев қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы. Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.

3

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада орындауға міндетті талаптар мен шаралардың ауқымы өте кең.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі және т.б. мәселелер.

Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – біздің басты міндетіміз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале