22.06.2021, 10:47
Оқылды: 1149

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы ұжымымен кездесу

2021 жылдың 21 маусымы күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндігі комитетінің облыстық басқармасы ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

20210622_102321

Шара барысында қатысушылармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

  Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сонымен қатар Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале