29.06.2021, 12:03
Оқылды: 1821

ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды

25 маусым күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» ММ басшылығының қатысуымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының (одан әрі – Орал қ. МКБ) лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу жайты бойынша өндіріспен аяқталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды.

9994AD1A-9CB4-4203-BE94-C455CB1D16A5

Тергеу барысында қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтардың орын алуына ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыныстың жолдауына негіз болған Орал қ. МКБ лауазымды тұлғалар тарапынан бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бұл іс-шараның мақсаты салық саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

Сонымен, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен салық саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпарат жеткізілді және қызмет барысында туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар берілді. Ұсынымды қарау нәтижесі бойынша Орал қ. МКБ басшыларына төмендегілер ұсынылды:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды түбімен жоюға және қоғамда сенімділікті арттыруға бағытталған жүйелі іс-шаралар өткізу;

- бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жайттарының алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастыру, сондай-ақ, парасаттылық, адалдық қағидаларына негізделген қызметкерлердің жеке мінезделуі;

- шешімдер қабылдау кезінде дискрециялық өкілеттіктер бар функционалдық міндеттерді іске асырумен байланысты барлық тәуекел аймақтарды көрсете отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасаған жағдайлардың алдын алу, жою, ескерту жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, салық саласында заңнамаларды түсіндіру.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале