23.07.2021, 18:58
Оқылды: 1437

ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды

22 шілдеде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БҚО ПД Шыңғырлау ПБ басшылығының қатысуымен заңсыз әрекеттері үшін пара алған БҚО ПД Шыңғырлау ПБ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша онлайн режимінде ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды.

56689BAE-B7F6-483A-A9C7-82AF8EF207BC

Қазіргі таңда қылмыстық іс өндірісте. Сонымен бірге тергеу барысында БҚО ПД Шыңғырлау ПБ басшылығы тарапынан, қарамағындағы бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаудың алдын алу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бұл іс-шараның мақсаты ІІО саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

Сонымен, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен ІІО саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпарат жеткізілді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар берілді:

- БҚО ПД Шыңғырлау ПБ лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қабылдауға;

- күн сайын, кезекшілікке түсер алдында, БҚО ПД Шыңғырлау ПБ жеке құрамының алдында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құндылығын, басымдылығын және талаптарын жеткузіге;

- сыртқы қызметтегі жеке құрамды қажетті мөлшерде  видеотіркегіштермен (видеожетондармен) қамтамасыз етілсін.

- күн сайын төскеуделік видео жетондардан күнделікті мәліметтерді жүктеп отырып, оларды жауапты тұлғалармен, оның ішінде ПД ӨҚБ жиі тексеріп тұруды жүзеге асырсын.

- әкімшілік материалдардың сапалы және нақты жинақталуы тұрақты түрде тексеріліп отырсын.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале