29.06.2021, 11:58
Оқылды: 1731

ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды

25 маусым күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БҚО ПД Орал қ.ПБ басшылығының қатысуымен БҚО ПД ППБ қызметкерлеріне қатысты қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық жасау жайты бойынша өндіріспен аяқталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200 бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды.

47CB2048-09A8-43EA-AB79-DB41DAA8E91F

Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен бірге тергеу барысында БҚО ПД Орал қ.ПБ ППБ басшылығы тарапынан, қарамағындағы бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бұл  іс-шараның мақсаты ІІО саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

Сонымен, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен ІІО саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпарат жеткізілді және қызмет барысында туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар берілді. Ұсынымды қарау нәтижесі бойынша БҚО ПД Орал қ.ПБ басшыларына төмендегілер ұсынылды:

- БҚО ПД Орал қ.ПБ лауазымды тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қабылдауға;

- күн сайын, кезекшілікке түсер алдында, батальонның жеке құрамының алдында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құндылығын, басымдылығын және талаптарын жеткузіге;

- патрульді тұрақты түрде видеотіркегіш (видеожетон) пайдалана отырып жүзеге асыруға;

- облыстық орталықтан біршама қашықтықта патрульді жүзеге асырушы ППБ қызметкерлеріне бақылау күшейту;

- БҚО ПД Орал қ.ПБ ППБ жеке құрамы қажетті мөлшерде  видеотіркегіштермен (видеожетондармен) қамтамасыз етілсін.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале