23.09.2021, 10:41
Оқылды: 351

Күзгі әскерге шақыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті

2021 жылдың 23 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылды.

ADE23429-EE9C-402C-AF9D-C4871313D622

Жиынның негізгі мақсаты – қорғаныс істері саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары А.И.Дюсембиев, департамент және басқарма ұжымдары қатысты.

89C61664-DE00-40BA-B20F-5A606E1F857C

Шара барысында кездесуге қатысушыларға елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында қабылданып жатырған заңнамалық жаңашылдықтар жеткізілді.

Шара соңында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале