24.09.2021, 15:55
Оқылды: 561

Міржақып Дулатов адалдық, тәрбие және теңдік туралы не жазды?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ұлт ұландары» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сабағы өтті.

 05

«Адалдық сағаты» қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, «Алаш» партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.

Оның «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығармашылық және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады.

Жыл сайын Қазақстанның Жазушылар одағы Міржақып Дулатов атындағы әдеби сыйлықақы береді.

Оның туындылары жас ұрпақ үшін адами құндылықтардың үлгісі болып табылады.

Бүгінгі күні бірқатар өңірлердің облыстық орталықтарындағы негізгі көшелеріне оның есімі берілген. Ал М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университет қабырғасында студенттер арасында жыл сайын Дулатов оқулары өтеді.

Міржақып Дулатовтың өмірбаяны шынайы ұлтжанды болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.

Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы онлайн түрде өткен «Адалдық сағаты» барысында айтылды.

«Адалдық сағатының» басты мақсаты – көрнекті ойшылдардың шығармалары арқылы жастар арасында әділеттілік, әдептілік пен сенім құныдылықтарын дәріптеу.

 

Бейне оқулыққа сілтеме: https://youtu.be/liKL5U_VtIo

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале