8.04.2021, 18:16
Оқылды: 332

Республикалық арнайы мониторингтік топ басшыларының жұмыс сапары жалғасуда

2021 жылғы 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобының төрағасы Айгүл Соловьева және оның орынбасары Рафаэль Гасанов келді.

A101040C-F734-46F5-962F-378B52BE7B96

РАМТ төрағасы Айгүл Соловьева қатысушыларға арнайы мониторингтік тобының жұмысы жаңа форматта, «қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңының жобасы туралы баяндады. Виталий Колпаковтың басшылығымен, өңірлік АМТ қызметіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жемісті өзара іс-қимылға оң баға беріп, алдағы уақытта да табыс тіледі.

АМТ мүшелері бірқатар өзекті мәселелердіатап айтқанда, Жайық өзенінің жағасында ағаштарды жаппай кесуге байланысты облыстың экологиялық проблемаларын, АМТ мүшелерінің мәртебесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мониторингінің алгоритмін талқылады.

45B5759D-9147-4146-9E45-8D99F04F8EB5

Бұдан әрі онлайн-режимде білім беру және денсаулық сақтау салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері бойынша арнайы мониторингтік топтың екі отырысы өткізілді.

Бірінші отырысқа облыс білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылығы, колледждер мен мектептердің директорлары, барлығы 100-ден астам адам қатысты. Екінші жиынға Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының басшылары, облыстың медициналық мекемелерінің басшылары қатысты. Республикалық арнайы мониторингтік топ басшылары білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале