12.05.2020, 18:48
Оқылды: 68

Студенттерге арналған онлайн-дәрістер жалғасуда  

2020 жылдың 12 мамыр күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.

B6191A0C-A57A-4F29-B86F-F6F0B3ABC667

 Онлайн-дәріске БҚИТУ проректоры А.Абекешев, декан Ж.Жумаев, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Э.Нургалиева және l, ll және lll курс студенттері қатысты.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

E2D9A1BA-6C99-4D82-A74B-2774D10599A7

 Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

 Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

 Дәріс барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин департаментпен жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатқан «AntikorLive» жобасына тоқталды.

 «AntikorLive» жобасы аясында күн сайын сағат 11.00-де департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Самет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері), «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Салиева (сейсенбі күні) және арнайы мониторингтік тобының басшысы В.Колпаков (бейсенбі күні) тікелей эфирде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпараттандырып, әлеуметтік желілері қолданушылардың сұрақтарына жауап беруде.

 «Студенттер үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале