20.04.2021, 13:32
Оқылды: 662

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департамент қызметкерлерімен кездесу өтті

   2021 жылдың 20 сәуірі күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департамент басшысы Отаров Алмас Аблайұлы және департамент қызметкерлерімен zoom қосымшасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды.

 1 (94)

Шара барысында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірінші орынбасары Н.Самет қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

3 (17)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ішінара нәтиже беретіні. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

2 (41)

Сонымен қатар, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале