9.06.2021, 19:56
Оқылды: 545

«ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту»

2021 жылдың 9 маусым күні «ҮЕҰ-ы, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбында республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды.

20210609_195029

Шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын, нормативтік-құқықтық актілердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, халықты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуның барысы туралы хабардар ету, нақты көмек көрсету болып табылады.

Онлайн семинар жұмысына еліміздің белгілі саяси мемлекеттік-қоғам қайраткері, «ЖАҢАРУ» РҚБ төрағасы О.Ә.Әбдікәрімов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңесесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, саяси партиялар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өз кезегінде Н.И.Самет облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – біздің басты міндетіміз!

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале