16.09.2021, 17:24
Оқылды: 522

«Жайыктехсервис» МКК қызметкерлерімен онлайн семинар өткізілді

2021 жылдың 16 қыркүйек күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Л.Нарушеваның қатысуымен «Жайыктехсервис» МКК қызметкерлері үшін комплаенс қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ISO 37001» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

8929f954-bd3b-494b-a9bc-0e38977980bc

Е.Ерланұлы квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейілділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін хабарлады.

Лаула Нарушева «Қазіргі уақытта еліміздің квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері бағдарлай алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша көптеген халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің шынымен тиімді жүйесін құруға, ең алдымен, ISO 37001 халықаралық стандарты көмектеседі», - деп атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале