12.05.2021, 12:05
Оқылды: 504

Жаңақала ауданы активімен кездесу өтті

12 мамыр күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Жаңақала ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.

4E2D6AC2-FFA4-4C2B-92D6-C621D7B2759D

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.Т.Әнесов, БҚО әкімдігінің Әдеп жөніндігі уәкілі А.Р. Хайруллина, аудан әкімі Н.Қ Қарағойшин, аудан активі мен тұрғындары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді.

Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы.

Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада орындауға міндетті талаптар мен шаралардың ауқымы өте кең.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі және т.б. мәселелер.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.

Оған қоса А.Р.Хайруллина қатысушыларды мемлекеттік қызметкерлерге тән әдеп нормаларын сақтауға, мүдделер қақтығысының алдын алуға, ал «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Сәлиева жемқорлықпен қоғаммен бірлесе күресуге шақырды.

Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – біздің басты міндетіміз!

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале