28.05.2021, 16:38
Оқылды: 697

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық ұжымымен онлайн кездесу өтті

2021 жылдың 28 мамыры күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментімен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» МКК ұжымымен онлайн кездесу өтті.

 1 - 2021-05-28T162038.715

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сонымен қатар, Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – біздің басты міндетіміз.

3 (30)

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале