2.06.2021, 10:46
Оқылды: 674

Жол сапасына мониторинг жалғасуда

2021 жылдың 27 мамырында жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисімен бірлесіп Ақжайық ауданының Алғабас ауылының кіре беріс жолының күрделі жөндеу объектісінде жүргізіліп жатырған жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

 7f5087b7-9697-45a1-ba75-d8acbec1b3b0

Мониторинг барысында қысқы пайдаланудан кейін асфальт бетон қоспасының қабыршақтануы және үгітілуі анықталды.

Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді.

fd8672bf-770f-460c-b958-1bf7070bcead

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

88aa3433-a219-4383-b593-a81277c8a13a

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале