28.07.2016, 15:08
Оқылды: 8

Ақсоғымда алма бағы жанданбақ

алма бағыКеңшар кезінде қазіргі Ақсоғым ауылдық округінде алма бағы болған. Сол бақтың жемісінің дәмін көршілес ауылдың тұрғындары да татушы еді. Кейін кеңшар таратылған  соң, мұндағы алма бағы да құрып кетті.


Алма өсіру ісі осы жолы қайтадан қолға алынған. Бұған қала тұрғыны А.Глазков ұйтқы болыпты. Сөйтіп, тоғайлықтан алма өсіруге 1,5 гектар жер бөлінген.

Қазір мұнда егілген 100 түп алма ағашы өсіп келеді. Бақты күтіп – баптауға жергілікті тұрғындардың бірі жұмысқа тартылыпты. Уақытылы суарылып, жақсы күтілген  бақ алдағы кезде жақсы жеміс  беретіні анық.

М.Мерғалиев
Ақсоғым селолық округі
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале