13.06.2022, 14:46
Оқылды: 13

43 себет-жәшік қойылды

Өткен мамыр айынан бастап Бәйтерек ауданы орталығындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктердің қасына қалайы құтылар (баклашка) үшін арнайы себеттер қойылуда. Бұл игі іске жеке кәсіпкер Қанағат Белгиев ұйытқы болуда.

8AFFA90E-73B2-4B28-A958-55EEEF30827D

Кәсіпкер керексіз болған қоршаған ортаға зиянын тигізбеуді қалайды әрі ауыл тазалығына атүсті қарамауға үндеп келеді. Сол себепті ол жергілікті атқарушы биліктің қолдауымен жаңадан қойылған 38 қоқыс жәшігінің қасына 43 себет-жәшігінің  қойылуына мұрындық болды.

Енді қалайы құтылар жер-жерде шашылып жатпай, бірден пластикалық себеттерге түседі. Себет толған соң ондағы құтылар бірден Перметный ауылының шетіндегі қоймаға апарылады. Онда престеліп, қоқыс орнына жөнелтіледі.

 Гүлнар Қадырова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале