3.06.2021, 17:19
Оқылды: 39

Аймақтық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды

Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» атты аймақтық онлайн-жыр мүшәйрасы өтті.

5A93B590-AFAD-4B0A-AE20-FF88CB228883

Мүшәйраға Жәнібек, Бөкей орда, Жаңақала аудандарынан 16-30 жас аралығындағы сөз шеберлері қатысты. Олар өлеңдерін қазылар алқасына жазбаша түрде ұсынды. Мүшәйраның қорытындысы бойынша Бөкей ордасы ауданынан қатысқан Айбек Ихсанов бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға Нұрайзат Мараттегі (Жаңақала ауданы) лайық деп танылса, Инабат Ғабделова (Бөкей орда) мен Ұлпан Сағынғалиева (Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы) екінші орыннан көрінді. Үшінші орынға Мәдина Махметова (Жәнібек ауданы, Тау ауылы), Нұрлан Едігенов (Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы), Біржан Мұхтаров (Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы) шықты.

Жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлықтар табысталатын болады. Ал жыр додасына белсене қатысқан Ақсұлу Акишеваға (Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы) ынталандыру сыйлығы беріледі.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале