21.10.2021, 17:20
Оқылды: 22

Ақсуаттықтар көш бастап тұр

Әмбеге мәлім, қазіргі уақытта «Теректі жаңалығы» қоғамдық-саяси газетіне 2022 жылдың І жартыжылдығына жазылу жүріп жатыр. Осы орайда «Литвинова» шаруа қожалығының басшысы Ирина Васильевна Ақсуат селолық округіне қарасты Пойма  ауылының 33 қариясын аудандық басылымға жазғызып, қайырымдылық айында сыйға тартты. Айта кетейік И.Литвинова 2005 жылдан бері аталмыш ауыл маңында бау-бақша егумен шұғылданып келеді. Елге жеке кәсіпкер ретінде көмегі көл-көсір.

IMG-20211021-WA0097

Осы уақытқа дейін Ақсуат селолық округінің басқа да кәсіпкерлері төл басылымның таралуына барынша қол ұшын созып жатқанын жазған едік.

Баспасөзге жазылу науқаны кезінде ауыл тұрғындарын, кәсіпкерлерді белсенді түрде ұйымшылдықпен ұйымдастыру да ауыл әкімі Жаннұр Ахметовтың да еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Жалпы бұл округ газеттің 97 данасына жазылуды көздеген еді, алайда бүгінгі таңда  жоспар артығымен орындалды. Яғни 101 адам аудандық газетті оқиды.

Басылымға жазылу науқаны енді басталды, бірақ Ақсуат ауылдық округі атаулы кезең барысында көш бастап тұр.

 Елырыс Елмұрат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале