18.10.2021, 10:10
Оқылды: 186

Ардагерлерді құрметтеді

Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұрамыз секілді. Қазан айының алғашқы аптасынан-ақ қарияларға арналған отырыстар, басқосулар көптеп өткізілетіні белгілі. 15 қазан күні сондай бір игі шараның куәсі болдық. Батыс Қазақстан АЭЖК ЖШС-нің Жаңақала аудандық филиалы ұжымы ардагер қызметкерлеріне арнап, дастархан жайды.

245860042_2993444727540778_5435430397746268603_n

- Құрметті ағалар, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңған ардақты ардагерлеріміз! Қош келдіңіздер! Барлық ықылас пен құрмет өздеріңіз үшін деп біліңіздер. Аман жүріңіздер, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, отбасыларыңызға бақыт, әр күндеріңізге береке тілеймін,-деді Бауыржан Бигалиев.

Кеңес Мүбәраков бұл саланың қиындығы мен қызығы жөнінде сыр шертіп, құрмет көрсеткен жандарға алғысын білдірді. Сонымен қатар Насиболла Балғазиев, Нұрболат Садықов, Қанатқали Нұрғалиев, Тимур Сәрсенғалиев сынды осы саланың ардагер қызметкерлері жылы естеліктерімен бөлісіп, жақсы тілектерін арнады. Ерлан Сатыбаев баянмен «Қариялар», «Анашым» әндерін шырқап, кездесудің шырайын кіргізе түсті.

Ардагер қызметкерлер көңілді әңгіме өрбітіп, естелік суретке түсті.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале