1.03.2023, 21:43
Оқылды: 6

Арнайы есептегілердің мәселесі қаралды

Биыл 25 азамат аудандық пробация қызметінің есебінде тұр. Ал өткен жылы бұл есепке 58 азамат алынған еді. Бас бостандығы шектелген, белгілі бір іс-әрекетпен айналысу құқығынан айырылған, шартты түрде сотталған азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етілуі, қоғамдық тәртіпті сақтауы, пробация талаптарына бағыныштылығы турасында айтылған жиын өтті.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 16.40.34 (1)

Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиевтың төрағалығымен өткен жиында ауданның бас дәрігері Анарбек Белисанов арнайы есептегілерге көрсетілетін медициналық қызмет туралы айтса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Ерболат Сержанов аталмыш азаматтардың жұмыспен қамтылуы турасында өз салалары бойынша есеп берді.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 19.40.36
Ерболат Сержанов өткен жылы арнайы есептегі 11 азаматтың тұрақты жұмысқа алынғанын, ал, биыл істі болса да, қоғамнан оқшаулануға жатпайтын топқа тиесілі тұлғалардың жұмыс сұрап келмегенін айтты. Айтпақшы, биыл да ауданымыз бойынша пробация есебіндегі азаматтарды квота бойынша жұмысқа орналастыруға арнайы қаулы да қабылданған екен.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 19.41.32

Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген азаматтарға он айлық көрсеткіш есебінде әлеуметтік көмек көрсетілетінін де айтып өтті. Баяндамашының сөзінше, арнайы есептегі төрт азамат әлеуметтік көмек алыпты.

WhatsApp Image 2023-03-01 at 19.40.37
Аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Райымбек Сабырғалиев пробация есебіндегі азаматтардың жұмыспен қамтылуына қатысты мәселені тілге тиек етті.
−Шаруа қожалық иелері сотталған азаматтарды қызмет алғанда келісімшарт жасасып, заңды төлемдерін, медициналық сақтандыру жарналарын аударып, жұмысшыларының пробация талабы бойынша уақытылы есепке тұруын қамтамасыз етсе екен. Уақытылы есепке тұрмау - ол азаматтар үшін үлкен сын. Есепке тұрмағаны үшін жазаларына жаза жамап алатынын ескерсе, жақсы болар еді, − деді өз сөзінде Райымбек Сабырғалиев.

Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале