29.12.2021, 10:00
Оқылды: 24

Әсем - жылдың үздік студенті

Нұр-Сұлтан қаласынан сүйінші хабар келді. Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің түлегі, қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің студенті, сырымдық Әсем Ұлұқпанова «BILIM - ORKENIET» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік студенті» атанып, арнайы төсбелгіге ие болды. 

6F7913D3-92AF-4C25-AF36-990D0FFA0675

Байқау шарты бойынша үміткерлер ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты бағдарламалық мақаласын білім алушылар арасында насихаттауға тиіс болған. Біздің Әсемнің жұмыстары жоғары бағаланып, міне, ел студенттерінің көшін бастады.

Әсем Дарханқызы бүгінде «Тарих» факультетінде білім алуда.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале