16.10.2021, 1:27
Оқылды: 52

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2009-2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебінің ұйымдастыруымен аудан біріншілігі өтті.

43646631-358F-4F9E-8318-98BA9BA6C23C

Ашылу салтанатында Сырым ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Өлеңті ауылының атқа мінер азаматтары жуырда ғана Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарынан жүлделі орын алып келген жерлестеріміз Нұрсұлтан Мырзахметов пен Мерей Бердіғалиға және олардың бапкері Айбол Оразғалиевке 50 мың теңгелік сертификат табыстаса, ат бәйгесін ұйымдастырып жүргені үшін Төлеби Қайыржановқа ат әбзелдерін сыйлады.

9DF61FFC-CF7E-4EC2-B332-EC6D91BD9D01

    Жас дзюдошылар 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. 21 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды А.Қанатқали мен А.Молданиязов, ІІ орынды А.Қыдырғали, І орынды жымпитылық А.Мұрат иеленсе, 23 келі салмақ дәрежесі бойынша Б.Қазбек, Ә.Ғарифолла ІІІ орын, Е.Құттыбай ІІ орын, А.Мансур І орын иегері атанды.

26 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын Е.Қыдырғали мен А.Мәдиұлына, ІІ орын А.Абылайға, І орын өлеңтілік Е.Мұратқа бұйырды.

450A5691-1D2A-41FF-AB71-8A5D84ED7371

29 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынды Ә.Уалиолла мен Е.Еркін, ІІ орынды Б.Айсиев, І орынды жымпитылық А.Мұратов, 32 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды А.Бақытжан мен Ж.Тұран, ІІ орынды Д.Утешқали, І орынды өлеңтілік Ғ.Ынтазар, 35 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орынды М.Құрманғали мен М.Ерсайын, ІІ орынды А.Төлегенұлы, І орынды жосалылық А.Талап иеленді.

    Е.Мурзабаев пен Б.Әбілхайыр ІІІ орынға, С.Оразбек ІІ орынға, Б.Ерген І орынға 38 келі салмақ дәрежесінде, Е.Аман мен А.Насиболла ІІІ орынға, А.Бердіғали ІІ орынға, жымпитылық Т.Аманқос І орынға 42 келі салмақ дәрежесінде табан тіреді.

Жасөспірімдер арасында 46 келі салмақ дәрежесінде жымпитылық Т.Убиналинов І орынды, Р.Сәтбай ІІ орынды, Г.Жолдықайыр мен Д.Қанатұлы ІІІ орынды иемденсе, +46 келі салмақ дәрежесінде жымпитылық М.Сүйінғали І орынды, Д.Уахит ІІ орынды, Б.Альтен мен Е.Габдукаримов ІІІ орынды қанағат тұтты.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медальдар табыс етілді.

Одан бөлек, "Үздік әдіс жасағаны үшін" алғабастық Айбар Бақытжан, "Үздік техника көрсеткені үшін" жосалылық Талап Аңсар арнайы дипломдармен марапатталды.

Жас дзюдошыларға жеңіс тұғырынан түспеңіздер демекпіз.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале