14.01.2022, 18:02
Оқылды: 86

Ауданда ахуал қандай?

Батыс Қазақстан облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа енді. Әлем елдерін дүр сілкіндірген COVID-19 атты аждаһа қайта басын көтерді. Ұзақ уақыт "жасыл" аймақта болып, босаңсып, біраз сақтық шараларын ұмытқандаймыз. Ал қазіргі таңда Жаңақала ауданындағы ахуал қандай? Бұл туралы бізге мәлімет берген аудандық аурухана директорының эпидемиолог көмекшісі Қуаныш Есеновтің айтуынша, 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 16 адам індет жұқтырған.

C9348E9B-DE27-49F7-9BF6-2C45AB7AD6D5

- Індет жұқтырғандардың үшеуі облыстық модульдық инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Үй карантинінде 13 адам, оның ішінде біреуі жүкті болса, 18 жасқа толмаған бір жасөспірім ем алуда. Жерлестерімізді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, індеттің одан әрі өршуіне тосқауыл болуға шақырамын, – деді аудандық аурухана директорының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Серікұлы.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Фотоның дереккөзі DW

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале