26.01.2023, 21:10
Оқылды: 111

Аудандық мәслихат депутаттары марапатталды

Бүгін аудан басшысы Дархан Закарин аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VII шақырылымының депутаттарын қабылдады. Жиынға аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева, аппарат басшысы А.Қаресов, «Amanat» партиясының Жаңақала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Жанболатұлы қатысты. Д.Әмірханұлы билік пен халық арасында көпір болып жүрген ауданымыздың депутаттарына алғысын білдірді.  

38e588ae-445e-41bc-b4cc-c1d88d7811d3

- Құрметті депутаттар, сіздер бар күш-жігерлеріңізбен, шынайы ықыластарыңызбен ауданның экономикасын дамытуға, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалының жақсаруына айтарлықтай үлес қостыңыздар. Алға қойған міндеттердің мүлтіксіз орындалуына да өзіндік үлестеріңіз бар. Көптеген қайырымдылық шараларға мұрындық болып жүргендеріңіз де халық жанашыры екендеріңіздің айқын дәлелі. Осындай қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!, – деп  ізгі тілегін арнап, алғыс хат табыстады.

Іс-шара барысында Т.Жанболатұлы депутаттарға атқарылған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы өтетін аудандық мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, бақ сынау өз еріктерінде екенін жеткізді. Жиынға қатысушы депутаттар да өз кезегінде «елдік мүддені алға қою – азаматтық парызымыз» деп бірауыздан ризашылықтарын білдірді.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале