16.09.2021, 10:10
Оқылды: 23

Бағбан бала – Бақберген

Жазғы демалысын әр бала әрқалай өткізеді. Біреу қыдырады. Біреу бос уақытын таным-білімін арттыруға жұмсайды. Ал, кейбір балалар үш ай бойы смартфонның «ішінде отырады». Ал біздің Бақберген сияқты балалар демалысын еңбекпен өткізеді.

IMG-20210906-WA0076

М.Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінде қызмет ететін Қазбек ағамыздың ортаншы ұлы ала жаздай әкесіне көмектесіп, мектеп ауласындағы гүлзарларды суарып, баптап шықты. Қыркүйекте сабаққа келгендер ұстаздар мен оқушыларды бағбан бала Бақберген өсірген әдемі гүлдер қарсы алды.

9-сыныпта оқитын Бақберген жылына бір рет өтетін сенбіліктің өзіне әрең келетін кей оқушыларға үлгі.

 Нұрболат Жұмағазиев,

Сырым ауданы

Алғабас ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале