25.05.2021, 20:54
Оқылды: 28

«Багги» жарысы өткізілді

Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері арасында «Багги» жарысы ұйымдастырылды. Мұндай жарыс ауданымызда алғаш рет оздырылып отыр. Мақсаты - оқушылардың багги жарыс көлігіне деген қызығушылықтарын арттыру және көлікті қашықтан басқару арқылы түрлі кедергілерден өтіп, шебер басқаруды үйрету.

5DC44868-34DA-43D5-8DFC-D7AD3D37D28F

Қатысушылар аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының  қосымша білім беру педагогі Елдос Базарбайұлының жетекшілігімен аудан орталығындағы демалыс саябағының тастақ жолында көлікті еркін басқару, кедергілерден өту сынды жарыс түрлерінен сынға түсті. Нәтижесінде Нұрлысәт Бақтығали ІІІ орын, Жарқын Жұмагелдиев ІІ орын, Еркебұлан Насиев І орынға ие болды.

С.Ізбасова,

Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале