Шегірткемен күресуге дайынбыз
14 Маусым 2021

Шегірткемен күресуге дайынбыз

«Қаржыны білім саласына жұмсауға болады»
14 Маусым 2021

«Қаржыны білім саласына жұмсауға болады»

Қолқаны қапқан көк түтін басылғандай
14 Маусым 2021

Қолқаны қапқан көк түтін басылғандай

Бөрліде - 25
14 Маусым 2021

Бөрліде - 25 "Алтын белгі"

100 жасқа толған кәсіподақ ардагерін құттықтады
14 Маусым 2021

100 жасқа толған кәсіподақ ардагерін құттықтады

Жәнібекте ардагерлер ұйымының жұмысы бағаланды
14 Маусым 2021

Жәнібекте ардагерлер ұйымының жұмысы бағаланды

12.05.2021, 11:55
Оқылды: 34
Бақ баптаған Нұркеновтер

Осыдан бір ай бұрын «Теректі жаңалығы» газетінің сәуір айындағы 13 санында  «Менің аулам – менің бағым» мақаласы жарияланған болатын.

CF8A5ECF-2E24-4183-943D-28AA2F284337

Сол жолы біз облыс әкімі Ғали Есқалиевтің тың бастамасы жайлы халықты хабардар еткен едік. Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің Gali Iskaliyev парақшасында   халыққа кәсіпкерлік идеяларын ұсынған ол  2021 жылдың 15 ақпаны күні  Теректі жеріне, халқына тікелей қатысы бар жазба жариялапты.

«№4 Идея. «Менің аулам - менің бағым».

Мемлекет жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарына бағытталған 100-580 мың теңге аралығындағы қайтарымсыз гранттарды беру үшін жүздеген миллион теңге бөліп келеді. Биыл 800,0 млн. теңгеге жуық қаржы жоспарланды.

Біздің тұрғындар гранттарды не үшін алады?

Олар көп жағдайда гранттарды құс өсіру үшін, тігін машиналары, кондитерлік жабдықтар, шаштараздар ашуға және т.б. мақсаттарға алады.

Біздің бастамамызбен биылдан бастап бағдарламаға грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаштардың көшеттерін беру ұсынысын енгіздік» делінген жазбада идеяны жүзеге асыру жолдарын да көрсеткен облыс басшысының бастамасы сөзден нақты іске айналды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша берілетін грант биыл жеміс ағаштарын өсіруге ынталы, нысаналы топқа жататын тұрғындарға берілді.

Грант жайында Теректі ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі берген мәліметке сүйенсек,  бүгінгі күнге 18 адам жеміс ағаштарын өсіруге жалпы құны 7 653 712 теңге грант алған. Оның ішінде 2 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған теректілік. 15 адам – жұмыссыздар санатынан.  Біреуі - атаулы әлеуметтік көмек алушы. Ауылдық округтар кесіндісінде қарасақ, Ақжайық округінен 8 адам, Богдановтан – 2, Подстепное - 4, Ақсуаттан - 2, Ақсоғым мен Шаған округтерінен 1 адамнан грант иеленген. Байқап отырсақ, Ақжайық, Подстепное округтерінен бақ өсіруге қызығушылар көбірек.

299F9C70-07DD-49C0-B8C2-D7FD1A7B299C

Осы бағдарлама бойынша грант иеленген Подстепное ауылының тұрғыны Айкенже Нұркенованың үйіне барып, іс үстінде көрдік.

Әбжіл қимыл үстіндегі Нұркеновтер үй артындағы алаңға көшет тігіп тастаған. Енді айналдыра темір тормен қоршау қамында екен.

-Осы жерге қоныс тепкенімізге 4-5 жылдың жүзі болды. Топырағы құнарлы, тың. Аулаға шағындап көкөніс өсіріп жүр едім. Немерелеріме деп салған құлпынайым бар. Күзде салынған көк жуаны қазірдің өзінде Ұңғыма құдықпен суарамыз. Бала-шаға пайдасына асатын жеміс ағаштарын отырғызу арманым болатын. Биыл сәті түсіп, «Еңбек» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша мақсатты грантқа ие болдым. 583 мың теңге шотыма түскен соң Оралдағы «Уланов» қожалығының тәлімбағында өсірілген жеміс ағаштары көшеттерін алуға бардық. Алма, алмұрт, шие ағаштары, қарақат талдарының бірнеше түрін алдық. Одан басқа таңқурай, жүзім көшеттері бар. Үй артындағы бос жатқан жерді 3 жылға жалға алып отырмыз. «Менің аулам - менің бағым» бастамасы аясында грантқа қатысуға бел буған кезден бастап жеміс ағаштарын күтіп-баптау жайында ізденіп, оқи бастадық. Әр ағаштың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, алмұрт ағашын отырғызған кезде астына көң шіріндісін молырақ салдық. Ал таңқурай салған жерге құнарлы қара топырақ төктік. Жүзім өрмелеп өсетін болғандықтан, ол жерге тұрба көміп, көлденең сым тартамыз. Ұлдарым Данияр мен Дәурен, келінім Фарида күні бойы көшеттердің қасынан шықпай, баладай баптайды. Біздің отбасымыз үшін осы бақ – ертеңгі нәпақамыз. Бір-екі жылда немерелерімнің аузына жеміс тиіп, одан әрі саттыққа шығаруға да жетеміз деп сенемін,- дейді Айкенже Мұстафақызы.

FDBD06C3-8EAB-40E0-8802-D5D8BFA62B0F

«Жұмыс жоқ» деп қол қусырып отырмай, ертеңгі күнін бүгін жоспарлаған Айкенже ананың ол межеге жетері сөзсіз.

Дәл қазір Айкенже Мұстафақызының көшеттері жапырақ салып, көктеп тұр. Бір айдан соң біз тағы да барып, жаңа бақтың жағдайын көруге келісіп келдік. Ендеше, алдағы уақытта Нұркеновтар өз бағынан тәжірибе  де бөлісетін болады.

 Редакциядан: Құрметті оқырман! Арнайы ашылған «Менің аулам» парағының мақсаты – көкөніс, жеміс-жидек өсіретін бақшашы, бағбандардың тәжірибесін тарату. Сондықтан, өз аулаңыздағы жеміс ағаштарын күту, көкөніс өсірудегі білген-түйгендеріңізбен бөлісе отырыңыздар. Біздің электрондық поштамыз: terektigazeta@gmail.com.

 Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz