16.09.2021, 11:51
Оқылды: 26

Бас имам ақсақалдармен кездесті

Бәйтерек ауданында болған ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Құралбайұлы аудан ақсақалдарымен кездесті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, ақсақалдер кеңесінің мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.

IMG-20210915-WA0085

Кездесу барысында жас ұрпақ пен аға ұрпақ сабақтастығы, ұлттық тәрбие ақсақалдар институтының маңыздылығы жайында сөз қозғалды.

– Бұрынғы қазақ ақсақалдары түгелдей бір рулы елді ұйымдастыру институты рөлін атқарды. Олар қоғамның даму динамикасына сай адамдар арасындағы өзара байланысты нығайтып, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің дәнекері қызметін атқарды. Ақсақал сөзінің құны болды. Ел ағасы саналған ақсақалдар тек сөзімен ғана емес, ісімен де көпшілікке үлгі бола білді. Өкінішке орай осы күні ол институттың маңызы жоғалды. Аға мен іні, әке мен ұл арасындағы қайшылық көбейді. Соның салдарынан ұрпақтар сабақтастығы жоғала бастады. Ел болып, етек жеңімізді жия бастаған шақта бір кездегі ақсақалдар институтын қалыптастыруымыз керек, – деді кездесу барысында облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы.

IMG-20210915-WA0074

Одан бөлек шарада отбасы құндылықтарын дәріптеу, ел тарихын түгендеу және жастарды білім алуға шақыру жайы талқыланды.

Кездесу соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Мендалиев ауданға келіп, игі шаралардың басы-қасында болған Бақытжан Құралбайұлына алғысын білдіріп, тағылымды кездесулер легі әлі де жалғасатынына сенім білдірді.

Бұдан бөлек өңірдің бас имамы мешіт жамағатымен кездесіп, дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпы жайында әңгімелесті.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале