2.03.2021, 12:03
Оқылды: 47

Белтемірге тартылу сайысы өтті

«Шыңғырлау» спорт клубы бұқаралық спортты дамыту арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу бағытында  түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруда. Соның бірі - жуырда өткен «Қазақстан – спорттық ұлт» атты  ерлер арасындағы белтемірге  тартылу сайысы.

B8552DD0-EF5C-4228-96C8-44EC80B881F7

«Белтемірге тартылу дене сымбатына әсер етіп, омыртқаның тырысуын басады және иықтың, білектің, көкірек, арқа бұлшық еттерін шынықтырады, сайыс карантин режимі талаптарын сақтай отырып онлаин форматта өткізілді», - дейді Ақшат округінің спорт әдіскері Азамат Қарабаев.

Жарысқа аудан орталығынан, Ақшат және Ақбұлақ ауылдық округтерінен 16 спортшы бақ сынап, спорттық дайындықтарын сарапқа салды.

  Жарыс қорытындысы бойынша шыңғырлаулық Жалғас Тасқариев І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінсе, ақшаттық Мәулен Байқадамов  ІІ орынды қанжығасына байлады, ал, ақбұлақтық Бекзат Сапаров ІІІ орынды еншіледі.

Сайыс жеңімпаздарына «Шыңғырлау» спорт клубының дипломдары мен медалі табыс етілді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале