1.06.2021, 9:46
Оқылды: 31

Білекті жігіттер жүлдемен оралды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығымен ұлттық ат спорты түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, Жәнібек ауданының бірқатар шабандоздары бақ сынасып қайтты. Атаулы шара облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтіп, білекті жігіттер көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан сынға түсті.

2D12D7AC-D773-4FAD-95B2-F0FF6A0609A0

Жиын қорытындысы бойынша көкпаршылар жүлделі ІІІ орынға ие болса, аударыспақтан 52 келі салмақ дәрежесі бойынша Асылжан Есқалиев ІІІ орын, 57 келіден Рахат Жұманиязов ІІІ орын, Оралхан Ғаббасов І орын, 65 келіден Сәбекенов Аңсар І орын, 72 келіден Дәулет Сатан ІІ орын, 79 келіден Жалын Бисембаев ІІ орын, 85 келіден Бекарыс Бейбітұлы І орын, +85 келіден Ғасырбек Досболатов ІІІ орынға ие болды. Теңге ілуден жастар арсында Артур Ерғалиев ІІІ орын алса, жасөспірімдер арасында Ерболсын Мақашев жүлделі І орынға шықты. Жамбы атудан жасөспірімдер арасында Ақылжан Сәбекенов ІІ орынды, жастар арасында Дәулет Сатан ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале