18.04.2021, 14:52
Оқылды: 176

Бөрліде «Қазақстан Барысы» турнирінің аудандық кезеңі өтті

«Қарашығанақ» спорт кешенінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» аудандық іріктеу турнирі өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Миржан Сатқанов және спорт ардагері Нұртас Көлбаев палуандарға сәттілік тіледі Аталмаш турнирге 80 келіге дейінгі 10 өгіз палуан, 80 келіден жоғары 6 түйе палуан қатысты.

BD493B67-FB98-4AEA-8636-5377843707E6

Өгіз палуандар бәсекесінде Джумагулов Нұрбол, Жамбулов Асқар, Сейісов Әділбек, Жұмағазиев Төлеген, Зайдулиев Темірлан, Жайсан Жанат, Жаскадиров Ернұр, Төлебергенов Заманбек, Стамғазиев Арман, Даулетов Бекзат есімді спортшылар сынға түсті.

Түйе палуандар тартысына Кабулов Арман, Көлбаев Теміржан, Көлбай Темірлан, Хамзин Замир, Даулетов Бекзат, Сабырғалиев Райымбек секілді мықтылар өзара кім мықтыны анықтады.

9B840A82-958D-4B80-91B2-1CBEC4B1B877

Жарыс қорытындысы бойынша 80 келіге дейінгі өгіз палуандар арасынан Сейісов Әділбек суырылып шықты. Екінші орынды Жамбулов Асқар алса, үшінші орын Жайсан Жанатқа бұйырды.

Түйе палуандар сайысында Көлбай Темірлан мықтылығын дәлелдеді. Көлбаев Теміржан екінші орынға қол жеткізді. Хамзин Замир үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Жарыстың марапаттау рәсімінде Бөрлі ауданының әкімі Миржан Мұнайдарұлы спортшыларды арнайы марапаттап, алдағы өтетін облыстық «Қазақстан Барысы» іріктеу кезенінде Бөрлі ауданының намысын қорғайтын палуандарымызға сәттілік тіледі.

   Жеңімпаздар тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен, белбеулермен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале