15.12.2021, 17:50
Оқылды: 29

Бөрлідегі марапат

Ұлт үшін айрықша мереке - ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Бөрлі ауданында да кеңінен аталып өтілуде.  

54

Ақсай төрінде өткен салтанатты шарада өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен Бөрлі ауданының бірінші әкімі, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев арнайы қатысты.

55

Салтанатты шарада қажырлы еңбегінің арқасы аудан дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Атап айтар болсақ,  "Батыс өндіріс-құрылыс сервисі" ЖШС директоры Нұрсұлтан Дарханов,  «Ақсайжылуқуат» мекемесінің инженері Аслан Дауталиев және Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев ел  Президентінің жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

52

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен қатар, Батыс Қазақстан облысының құрмет грамотасымен де бір топ бөрлілік марапатталды.

53

Ия, тұғыры биік Тәуелсіздік ата-бабамыздың бізге қалдырған теңдесіз сыйлығы. Мерейлі 30 жылда Қазақстанның жыл санап дамуына Бөрлі ауданы да үлес қосып келеді. Бүгінде әлемге аты әйгілі Қарашығанақ кен орнын  игеру арқылы ел экономикасы дұрыс қалыптасты. Аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруда келелі жұмыстар атқарылуда. Жыл санап әр салада іргерлеушілік байқалады. Мұның барлығы аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның іргелі ел, айбынды мемлекет болып қалыптасқанын ұқтырады.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале