31.01.2021, 12:52
Оқылды: 297

Бөрлілік марафоншылар 147 шақырымды бағындырды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Ақсай қаласының «Aksay Runners» жүгірушілер клубының мүшелері, құрамында 8 адам Ақсай-Орал бағыты бойынша эстафеталық жүгіру марафонын сәтті аяқтады.

20210131_125351

Таңғы сағат 07.00-де Ақсай қаласының «Наурыз» саябағынан бастау алған марафон Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында мәресіне жетті. 147 шақырымдық эстафеталық марафонға «Aksay Runners» клубының мүшелері Азамат, Тұран, Павел, Артур, Ернар, Алтынбек, Махамбет, Рустам есімді азаматтар қатысты.

-Менің жүгіруді бастағаныма 6-7 айдың көлемі болды. Соңғы төрт айдан бастап «Aksay Runners» клубына мүше болдым. Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған осы мараыонда өзімді сынап көргім келді. Үзіп-үзіп жүгіргенімді жалпы есептегенде шамамен 30 шақырымдай жолды жүгіріп өттім. Өзіміз ойлағанан ерте аяқтап, 147 шақырымды 13 сағатта бағындырдық,- марафоншы Ернар Әйтекенов.

143904735_4965782450160971_6380993303763410564_n

-Марафоншыларымыз еш кедергісіз әрі қиындықсыз діттеген межелеріне дейін жүгіріп өтті. Ауа-райы да спортшыларымызды қолданғандай. Оралға жақын қалған маңда жүгірушілер тобын Оралдық "Uralsk Runners" клубының, "SYRYM Runners" клубының мүшелері қарсы алып, қолдау көрсетті. Оралдықтар ақсайлық әріптестеріне тәтті шәй ұсынуды да ұмытқан жоқ. Жүгіру соңы сондай жарқын әңгімеге ұласып, алдағы уақытта әлі де ұзақ қашықтықты бағындыру турасында ойлар айтылды,-дейді Бөрлі ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале