Жуырда Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеу, халық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында "Сыңғыр шолпы, шашбауың, жарасады таққаның" атты облыстық онлайн - фотосурет байқауын ұйымдастырды.
Осы байқауға Шыңғырлау ауданы көлеміндегі кітапхана оқырмандары үлкен қызығушылықпен қатысты. Бұрымдылар байқауына өздерінің фотосуреттерін жіберген қыз балалар шараның көрігін қыздырғаны анық.
Нәтижесінде байқау қорытындысы бойынша Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Динара Төлеубаева I орынға ие болды. Ал Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Аяжан Машиғұлова байқауға қатысқаны үшін алғысхатпен марапатталды.
Көз сүйсіндіріп, «паһ, шіркін» дегізетін бұрымды аруларымыздың қатары көбейіп, қолаң шашты өсірем деушілерге бұл шара өз септігін тигізгенінде сөз жоқ.
Г.Мұхан,
Шыңғырлау ауданы