27.01.2025, 13:00
Оқылды: 124

Ақжайық ауданындағы Чапаев ауылында егіздер дүниеге келді

Эльдар-Альмира Халеловтардың шаңырағында Элина, Эльнара және Эмир есімді ұл-қыздар өсіп жатса, енді міне, Айлина мен Амина өмірге келді. Дүние есігін қатар ашқан қос сәбимен ата-аналары көпбалалы отбасылар қатарына қосылды.

474832098_1076342461173212_468247176842519_n

Сәбилердің әкесі Эльдар аудандық өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі болып қызмет жасайды. Ал аналары Альмира «Бөбек» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі болып еңбек етеді.

Бұл сүйінші хабарды аудандық азаматық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Бағдагүл Зейнолақызы жеткізді.

-Бұл қуанышты жаңалық. Елімізде сәбилер саны көбейсе, ырысымыз да арта түспек. Балапандарымыздың болашағы жарқын болсын, – деді ол.

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале