30.11.2021, 9:50
Оқылды: 40

Елбасы бастамалары – сот реформаларының негізі

Еліміздің сот жүйесіндегі реформалардың бастауында Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғаны бар­шамызға белгілі.

сот

Елбасының бастамасымен Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сот жүйесі түбегейлі реформаланды. Егемендік алған 30 жыл уақыт ішінде сот құрылымы мен сот өндірісі жүйе­сі айтарлықтай өзгеріске ұшы­рады, жеке­ле­ген санаттағы істерді қарай­тын мамандан­ды­рылған сот­тар құрылды. Қазір Қазақстан­да халықаралық-эко­номи­калық соттар, әкімшілік сот­тар, аса ауыр қылмыстық іс­тер жөніндегі халықаралық ма­­ман­дандырылған соттар жұ­мыс істейді. Сот жүйесін­дегі көп­теген қылмыстық-про­цес­суалдық, әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс, еңбек ко­де­ксі және басқа да қоғам­дық қатынастарды реттейтін заң актілері қабылданды. Сот саласында жаңа технологиялар да қолданылуда. Судьялардың да мәртебесі арта түсті. Яғни сот жүйесін жа­ңа деңгейге көтеру жо­лындағы игі бастамалар Елбасының саясатымен жүзеге асты. Сондай-ақ оның «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, судьялар съездерінде берген тапсырмалары, «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламалары  рес­публикадағы сот жүйесін жаңа арнаға бұрды.

Елбасы бастамаларын жүзеге асыруда, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, құқықтық мемлекет қалыптастырып, қоғамда тәртіп орнатуда Шыңғырлау аудандық соты  өз үлесін қосып келеді.

Айта кетсек, биыл Шыңғырлау аудандық сотына 28 қылмыстық іс түсіп, оның 27-сі қаралды. 26 іс бойынша айыптау үкімі шығарылса, біреуі тараптардың татуласына байланысты қысқартылды. Сондай-ақ ауданда биылғы 10 айда  сегіз қылмыстық іс бойынша 5 552 960 теңге,  оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін бір қылмыстық іс бойынша 3 950 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Айыптау үкімі шығарылып, барлығы өндірілді. Бұдан өзге істер бойынша да заңға сай әртүрлі жаза тағайындалып,  орындалу барысында. Шыңғырлау аудандық сотының 26 айыптау үкімімен сотталушылардан жәбірленушілердің өтемақы төлеу қорына 825 905  теңге өндірілді. Сондай-ақ  биыл  азаматтық тәртіппен аудандық сотқа 132 талап-арыз түссе, оның 31-і қолданыстағы азаматтық процестік Кодекске сай болмауына байланысты қайтарылған. 19 азаматтық іс бітімгершілік (медиация) тәртібімен қысқартылды.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге тоқталсақ, биыл 10 айда 300 іс қаралған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың 22-сі заңды тұлға болса, 256-сі жеке тұлға, оның 9-ы әйел адамдар. Кәмелет жасқа  толмағандар бойынша бір іс қаралған.  Әкімшілік істер бойынша заңға сай әртүрлі әкімшілік жазалар тағайындалып орындалуда. Бұл қаралған істер қоғамда заңсыздыққа жол жоқ екенін, қылмыстың өтемі қашанда жаза болатынын дәлелдеуде.

Айдын Төлегенов,

                                                        Шыңғырлау аудандық сотының бас маманы,

 сот мәжілісінің хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале