15.08.2022, 16:16
Оқылды: 17

Елеулі еңбегі дәріптелді

Тамыз айының 12-сі күні аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев 40 жылдан астам уақыт бір салада табанды қызмет жасаған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратөбе аудандық инспекциясының басшысы Қайрат Батырхановты  зейнеткерлік  жасқа толуымен құттықтап, алғысхат табыстады.  

9

Салтанатты жиынға қатысқан  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы Марат Утаралиев ауданның ветеринария саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен Қайрат Батырханұлын зейнет жасымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, иығына шапан жапты.

10

Айтулы жиынға Қ. Батырхановтың қызметтестері  мен облыстағы әріптестері қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Рүстем Альжанов және тағы басқа әріптестері Қайрат Батырхановтың ауданның ветеринария саласына қосқан еңбегі турасында әңгімелеп, мықты денсаулық, отбасына амандық тілейтіндерін жеткізді.

 

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале