2.12.2022, 20:39
Оқылды: 64

«Ер есімі – ел есінде»

Шыңғырлау ауданына қарасты Алмаз ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде  «Аққұмда ізі қалған ұлы есімдер» атты жоба аясында Бөкенбай батырдың Тіленшіден тарайтын тумасы, қазақ барлаушысы, КСРО Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагері Ақас Аманғалиұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты әдеби сағат ұйымдастырылды.

IMG-20221128-WA0030 (2)

Шара мақсаты – ауылымыздан шыққан ұлы тұлғаның есімін оқырмандар арасында насихаттау. Шараға Алмаз ауылының зейнеткер ардагері Ғ.Қайырғалиев, Ақас Аманғалиұлының ұрпағы Х.Құсайнов, тарих пән мұғалімі Н.Ямашов, кітапхананың тұрақты оқырмандары шақырылды. Кітапханашы  «Өзгеше өрілген өмір» атты Ақас Аманғалиұлының өмірбаянымен таныстырып, «Аққұмнан шыққан Ақберен азамат» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Қ.Қарақұл «Ақас Аманғалиұлын еске алу», Ә.Сартов «Ақас Аманғалиұлына» атты өлеңдерін оқып берді. Шара қонақтары Ғ.Қайырғалиев барлаушы жайлы естеліктер айтса, Ақас ағасы туралы Х.Құсайнов сыр шертті.

Батыс Қазақстан облысының тумасы, КСРО Қарулы күштерінің ардагері, Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі 75 жасқа толған шағында 2013 жылдың 20 наурызында  өмірден өтті.

«Қалдырмай назарынан бір ісін де,

Еңбегінің елеулісін, ірісін де.

Аққан жұлдұз секілді өте шығар,

Азаматты бағаландар, тірісінде!!!», - деген екен Ханбибі Шәріпқызы. Осы сөз Ақас ағамызға айтылғандай.

«Арттағыға сөзің менен ісін қалса, өлсең де, өлмегенмен боларсың тең» деген екен. Ақас жерлесіміз абыройлы қызмет атқарды, адал жолмен жүрді, асыл қасиеттерімен есте қалды.

Жарқынай Жетмекова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале