22.06.2024, 16:30
Оқылды: 97

Гүлжанар Шөкеева: "Мемлекеттік рәміздер төрден табылуы керек"

Жәнібек ауданына іссапармен келген БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева кездесулерден кейін «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмысымен танысты. Еңбек жасағы ауданның 100 жылдығына орай салынған «Түлектер» саябағындағы жұмыстармен айналысуда. Гүлжанар Болатқызы жастармен әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады. 

image-22-06-24-03-22-2

Сонымен қатар басқарма басшысы аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, аудан тарихына қанықты.

IMG-20240623-WA0094(1)

Музей экскурсоводы Әсел Жәрдемғалиева барлық жәдіргерге тоқталып өтсе, Гүлжанар Болатқызы қызығушылықпен тыңдап, музейге қатысты бір-екі ескертпесін айтты.

image-22-06-24-03-22-1

- Қоғамдық даму басқармасы, яғни ішкі саясат басқармасы болғаннан кейін рәміздерге үлкен мән беріледі. Аудандық музей тұнып тұрған тарих. Соғыс жылдарының естеліктері, ауданға қатысты барлық мәлімет өте жақсы жиналған. Алайда музейде мемлекеттік Ту, Елтаңба жоқ. Бір бұрышына тәуелсіздігімізді айшықтайтын рәміздердің болғаны абзал,-деп ескерту жасады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале