17.05.2021, 12:11
Оқылды: 105

Қабілеті ерекше Нұршаттық

Жуырда жалпы орта білім беру пәндерінен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі аяқталды. Аталмыш білім додасында бақ сынаған Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округіне қарасты Новенький елді мекеніндегі мектептің оқушысы Нұршаттық Жұмаділдә ІІІ орын иеленді.

76F64A0A-55A8-4D4C-819E-06DA9660AED2

"Герон тетраэдрлары" тақырыбында жоба қорғаған новенькийлық оқушы конкурстың аудандық және облыстық кезеңдерінде алдына жан салмаған.

Жуырда Нұршаттыққа Білім және ғылым министрінің қолы қойылған диплом мен қола медаль табысталды.

Нұршаттықты конкурсқа дайындап, білімін шыңдаған математика пәнінің мұғалімі Балмира Туманова оқушысының қабілеті ерекше екенін айтады.

-Оқушым тек математикаға ғана емес, басқа пәндерді де жақсы меңгерген. Осыған дейін биология, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен өткен түрлі сайыстарда жүлде салды. Ал бүгінгі жетістігі — тынымсыз еңбектің жемісі, - дейді Б.Туманова.

Бұдан бөлек, Нұршаттық "Надежда страны" мұғалімі Балмира Туманова ел көлемінде жарық көрген "Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз" атты кітапқа енген.

Білім ордасының директоры Владимир Сажнев оқушысының жетістігіне қуанышты екенін жасырмайды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале