26.08.2021, 14:36
Оқылды: 29

Қара өлең халыққа жол тартты

Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты жоба ұйымдастырды. Аталған жоба фейсбук әлеуметтік желісі арқылы өтті.

 012

Оған ауылдық округ мәдениет үйлері қатысып, әжелер ансамбльдерімен қатар жеке дауыста әншілер ән орындап, фейсбуктегі парақшаларына жүктелді.

- Басты мақсат халықты қарапайымдылыққа бейімдейтін өнерді жоғалтпай, кейінгілерге дәріптеу болды. Бұл игі бастама интернет бетін жаулаған  мәдениетсіздіктерге сәлде болса тосқауыл болсын деген ниет, - дейді мәдени-демалыс орталығының әдіскері Гүлжамал Қайбалиева.

Жобаға Алмалы, Бударин, Мерген, Тайпақ, Алғабас, Қурайлысай, Ақсуат, Жаңабұлақ,  Жамбыл, Базартөбе ауылдық округтерінен және Жайық ауылының өнер ордалары қатысып, халықтың ризашылығын алды.

 

Ә.Орынғали,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Сурет adyrna.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале