21.03.2021, 23:25
Оқылды: 70

Қаратөбеде Наурыз-қоржын таратылды

Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ерекше. Наурыз - жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі.

31B32E69-0406-40BE-BA62-A5D0FF2A2A41

Ұлыстың ұлы күнінде Қаратөбе ауданында игілікті шаралар ұйымдастырылуымен қатар, жыл сайын Наурыз-қоржын таратылады.

   Осы үрдіс бойынша Қаратөбе ауданы әкімінің атынан округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Самғат Зейнуллин ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, Наурыз-қоржын таратты.

86B723B3-25D1-49E7-9902-0FBAE1A36CDD

Шара барысында дәстүрлі әнші Нұршат Исламғалиев әннен шашу шашты.

-Наурыз – жаңару мен түлеудің, достық пен ынтымақтың мерекесі. Мереке аясында баршаңызға амандық-саулық, береке-бірлік тілеймін.

1DD92DED-EDDA-4D60-9189-12466109FDA2

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын! - деді округ әкімінің м.у.а Самғат Серікұлы.

Үміт Шурина,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале