15.10.2025, 23:00
Оқылды: 76

Казталовта ардагерлер арасында аудандық чемпионат өтті

Бүгін Казталов аудандық спорт кешенінде ардагерлер арасында дәстүрлі аудандық чемпионат өтті. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

photo-output

Чемпионатқа Ақпәтер, Қарасу, Қайыңды, Көктерек, Жалпақтал, Қараөзен, Жаңажол, Қараоба, Қошанкөл, Талдыапан, Бостандық, Казталов және Тереңкөл ауылдық округтерінен келген командалар қатысты. Ардагерлер дойбы, шахмат, үстел теннисі және дартс сынды ойын түрлерінен сынға түсіп, бақтарын сынады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың ашылуында Меңдіхан Халықұлына ҚР тоғызқұмалақ спорт федерациясының “Тоғызқұмалақ қайраткері” төсбелгісін табыстады.
Аудандық спорт бөлімінің міндетін уақытша атқарушы Еламан Сағатұлы 1 қазан – Қарттар күнімен құттықтап, ардагерлерге сәттілік тіледі.

photo-output

Дартс бойынша:
🥇 І орын – Самиғолла Ақмурзин (Жалпақтал ауылдық округі)
🥈 ІІ орын – Аманкелді Кенжеғалиев (Қараөзен ауылдық округі)
🥉 ІІІ орын – Меңдіғали Ердин (Қайыңды ауылдық округі)

Үстел теннисі бойынша:
🥇 І орын – Айтқали Сарсекенов (Ақпәтер ауылдық округі)
🥈 ІІ орын – Самиғолла Ақмурзин (Жалпақтал ауылдық округі)
🥉 ІІІ орын – Уалиолла Абишев (Казталов ауылдық округі)

Шахмат бойынша:
🥇 І орын – Сисенғали Нығметов (Казталов ауылдық округі)
🥈 ІІ орын – Амантай Джулдыбаев (Казталов ауылдық округі)
🥉 ІІІ орын – Асқар Валиев (Ақпәтер ауылдық округі)

Дойбы бойынша:
🥇 І орын – Рахмет Сатиев (Жалпақтал ауылдық округі)
🥈 ІІ орын – Сарсенғали Бисенғалиев (Жалпақтал ауылдық округі)
🥉 ІІІ орын – Меңдіхан Халықұлы (Қошанкөл ауылдық округі).

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале