4.03.2021, 14:57
Оқылды: 35

Қос бірдей бас жүлдені жеңіп алды

Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылының мәдениет үйі жанынан құрылған «Гүлдерайым» термеші қыздар ансамблі халықаралық «Жас өркен» балалар мен жасөспірімдер байқауынан бас жүлде еншіледі. Бұдан бөлек аталмыш байқауда бақ сынаған янайкиндік Нұрлыбек Мұғалімов жеке орындаушылар арасында үздік деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды.

313C6734-A2A8-4C45-B15D-C0DC21AC903E

Ауыл балаларын өнерге баулып, талай янайкиндік талантты күйшінің томағасын сыпырған ауылдық клуб меңгерушісі Мирас Шамашевтың айтуынша, онлайн форматта өткен байқауға еліміздің барлық облыстары мен Өзбекстан және Түркіменстанның талантты өрендері қатысыпты. Көркемсөз оқу, ақындық өнер, би, қолөнер, вокал, аспапта ойнау сияқты номинациялардан тұрған байқауға Орынбор қаласы «Бәйтерек» қайырымдылық қорының домбыра аспабының оқытушысы А.Бекжанова мен Германияның Киль қаласындағы Опера және балет театрының балет мастері, хореограф Д.Сарсембаев төрелік еткен.

0991C1DA-4F01-4446-92A0-26C534F41917

-Осыдан бес жыл бұрын ауыл қыздарын өнерге баулу мақсатында «Гүлдерайым» термеші қыздар ансамблін құрдық. Оған талантты домбырашы, өнер жанашыры Салтанат Аймағамбетова жетекшілек етеді. Бұл жеңіс ауыл қыздарының алғашқы жүлдесі емес, осы кезге дейін облыстық, аймақтық ән байқауларына талай қатысып, жүлделі орындарға ие болды,- дейді М.Шамашев.

Ал осы байқауда жеке орындаушылар арасында суырылып алға шыққан Нұрлыбек Мұғалімов көпке танымал. Жастайынан жыр мен термеге құмар болған жас сахнада өсті десе де болады. Өнерінің арқасында біраз ел аралап, бірнеше өнер бәйгесінің алды болып үлгерді ол. «Жас өркен» байқауында «Кенесарының жырын» орындаған Нұрлыбек 30-дан астам қатысушының алды болыпты. Ауылдық клуб меңгерушісі Мирас Шамашев Нұрлыбектің жеңіске жететініне сенімді болғанын айтады.

-Бұл жеңіс – көп жылғы еңбектің жемісі. Алда әлі талай байқау болады. Сол додаларға балаларды дайындап жатырмын. Оқушыларымның алға қойған мақсаттары үлкен, соларға жету жолында бірлесе еңбектенуге әзірміз,- дейді балаларды өнерге баулып жүрген Салтанат Аймағамбетова.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале