24.02.2021, 14:42
Оқылды: 50

Логотип таңдалды

Ел тарихындағы айтулы дата Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына орай логотип байқауы жарияланғаны белгілі. Байқауға аудандағы музей-қорық, балалар техникалық орталығы мен мектептерден сегіз үміткер қатысты. Үміткерлердің ең жасы Нұртілек Машан М.Мәметова атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды.  

65EAD5AC-A07F-4A8C-A44A-71E814C3B543

Арнайы комиссия шешімімен М.Бегалиева атындағы орта мектептің мұғалімі Сағадат Байболаваның жұмысы үздік деп танылды.

– Сағадаттың жұмысы логотиптың көркемдік талаптарына сәйкес, "сөйлеп тұрған" жұмыс, - деп бағалады комиссия мүшесі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығы басшысы Мереке Махимов.

53991CD8-1356-40EA-9937-24A944F958B1

Байқауға жұмыстарын жолдаған барлық үміткерге сыйкәделер табысталмақ.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале