30.12.2022, 17:48
Оқылды: 26

Мәстексайда жаңа мәдениет үйі

Бүгін Жаңақала ауданының Мәстексай ауылдық округінде жаңа мәдениет үйі халық игілігіне пайдалануға берілді.

IMG_5855

Ауыл тұрғындарына тамаша тарту болған мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов және мәслихат депутаттары арнайы қатысып, барша ауыл тұрғындарын айтулы қуанышымен құттықтады.

IMG_5854

Жаңа жыл мерекесі мәстексайлықтар үшін қуанышы мол, есте қалар ерекшелігімен басталды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 250 693 мың теңге тұратын заманауи ғимаратты Дамир Балмулдин басқаратын «Батыс Котло Монтаж» ЖШС алты ай мерзімде салып берген.

IMG_5860

Сондай-ақ Ақнұрлы Нұрғалиқызы Дамир Өмірзақұлына аудан әкімінің алғысхатын табыс етті. Аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Асылбек Төлешев Мәстексай ауылдық округі әкімі Ержан Тілепбергеновке нысанның кілтін табыстады. Одан әрі ауыл ақсақалы Теміржан Сапарғазиев пен мәдениет саласының үздігі Ерлан Сатыбаев салтанатты түрде лента қию рәсімін жасады.

IMG_5863

Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, келген қонақтар ғимарат ішін аралады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

IMG_5893

Қуанышты сәтте, ел игілігіне берілген ғимаратты аралаған ауыл тұрғындары аталмыш мәдениет ошағының тек жастардың ғана тынығатын орны емес, үлкендердің де бас қосуына лайықты, жалпы ауыл халқының рухани өсу ордасына айналарына сенім білдірісіп жатты.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

 zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале