Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды
1 Сәуір 2023

Батысқазақстандық оқушылар Дубайда өткен халықаралық турнирден жеңіспен оралды

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті
31 Наурыз 2023

«Ақжауын» телехикаясы «Nauryz» ұлттық байқауының «Үздік драмалық сериал» аталымында жеңіске жетті

30 Наурыз 2023

"Ақжайық" футбол командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда
30 Наурыз 2023

Киік популяциясын реттеу мәселесі талқылануда

Жыр болған жол
29 Наурыз 2023

Жыр болған жол

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»
29 Наурыз 2023

Президент: «Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді»

Меценаттың құрметіне турнир өтті

Теректі ауданына қарасты Долин ауылдық округінде меценат Сағидолла Еркебаевтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық турнир өтті.

0446E99E-27F2-49F9-9AD2-B45D5AA045DA

Сағидолла Батайұлы 1951 жылы 25 шілдеде Долин ауылында дүниеге келген.  Орта мектепті ширек ғасыр бұрын бітіргенімен, Чапаев мектебінің үздік оқушылары мен ұстаздарына арнайы стипендия тағайындап келеді.  Сонымен қоса, мектепке «Газель» автомобилі, арнайы робототехника кабинетінің жабдықтарын сыйлаған. Қайырымдылыққа ден қойған жеке кәсіпкер 2018 жылы Теректі ауданының «Жыл меценаты» атанғанын айта кеткен жөн.

091412AE-BB4F-4044-94A6-11932D753754

Хош, сонымен, ашық турнирде 2006-2007, 2008-2010, 2011-2013, 2014-2015 жылы туған кіші жасөспірім және жасөспірімдер бақ сынасты. Спорттық жарысқа 10 команда қатысты. Олардың қатарында  «Жас Батыр» спорт клубы,«Бірлік» спорт клубы,«Арыстан» спорт клубы,«Жұмашев» спорт клубы (Орал қаласы),  Шыңғырлау ауданы,  Ұзынкөл ауылы, Теректі ауылы, Жайық ауылы, Долин ауылдық округінен жас палуандар бар.

9D17239C-B881-4F0A-9D8D-E1609C389763

Арнайы спорт турнирінің ашылу салтанатына  аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, әкім аппаратының басшысы Мирлан Еркебаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелов, ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері, халықаралық дәрежедегі төреші, ауданымыздың спорт ардагері Серік Нұрғалиев, ардагер Закария Абуев,    халықаралық дәрежедегі  спорт шебері Қанат Ғалиев,  ардагерлер арасында әлем чемпионатының жеті дүркін жүлдегері Нариман Қайрманов қатысты.

EBFD4A2D-3520-4C6E-9B21-E01134140181

Алғаш боп сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ержан Нұржанұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас палуандардың тартысты күресінің нәтежиесінде түрлі салмақ дәрежесінде медальдармен марапатталды.  Командалық есепте 1-орын Жайық ауылы,  2-орынды Шыңғырлау ауданы,  «Жас батыр» спорт клубы жүлделі 3-орынды иеленді.

Оған қоса үздік төрешілерге де арнайы алғысхат берілді. Үздік шәкірттерді күреске баулып жүргені үшін Берік Жармұханов пен Айдың Сүлеймановқа естелік сыйлықтар табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале