Мәулен Қожахметов, Қаратөбе аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 қаңтар 2025 жылғы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында оның рухани, саяси биліктегі жұмысы кеңінен айтылғандығы барша қазақстандықтарға ұнайды деп есептеймін. Олай болу себебі ол ел үшін, елдің болашағының жарқын, экономикасы мен мәдениетінің өсіп-өркендеуі үшін шет елдің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірнеше рет кездесіп, телефон арқылы сөйлесуі оң нәтиже беріп, халқымыздың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының жақсаруына оң әсер етуде.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстанның бірнеше облысында болуы, соның ішінде су тасқыны кезінде біздің ауданда да болып, қиындыққа душар болған аққозылықтармен кездесуі Мемлекет басшысының халыққа жақындығын, олардың мұң-мұқтажына бейжай қарамайтынын, қарапайым жанашырлығын, кісілігін көрсетеді. Осындай кездесулердің оң нәтиже бергендігін бүкіл ел біліп отыр.
Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы өзінің білім-біліктілігі, жауапкершілігі, адалдығы, әділдігі, қарым-қабілеті арқылы ел, халық, ар алдындағы борышын адамгершілікпен атқарып келе жатырғанын сұхбатынан толық оқып, көріп отырмыз, қолдаймын.